Пинчук үздік жас суретшлер үшін 100 мың долларлық жүлде тағайындады
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Украиналық миллиардер Виктор Пинчук 35 жасқа дейінгі суретшілерге арналған жаңа сыйлық тағайындайтынын жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg сайтына сілтеме жасап.
100 мың долларлық награда екі жылда бір рет берілетін болады; әлемнің барлық түкпіріндегі суретшілер 2010 жылғы қаңтардың 18-інен бастап өтінім бере алады. 20 финалшының жұмыстары 2010 жылғы қазанда PinchukArtCentre киевтік галереяға қойылады. 20 мың долларлық бес «ынталандыру» сыйлығы иегерлерінің аттары желтоқсанда аталады.
The Future Generation Art Prize сыйлығының қазылар алқасына Пинчуктің өзі, танымал төрт суретші, американдық коллекционер Эли Броад, әнші және композитор Элтон Джон, дизайнер Миучча Прада, нью-йорктік Қазіргі заман өнері мұражайының директоры Гленн Лоури және Гуггенхайм мұражайының директоры Ричард Армстронг енеді.
Байлығын Forbes 2,6 миллиард доллар деп бағалаған бизнесмен бұған дейін Киевте қазіргі заман өнерінің жаңа орталығын салу ниеті туралы жариялаған болатын.