«Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы барысында айналымнан 3 тоннадан аса заңсыз пиротехникалық өнім алынды - ІІМ

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы барысында айналымнан 3 тоннадан аса заңсыз пиротехникалық өнім алынды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдарды сақтау, тасымалдау, әкелу ретін тексеру, сондай-ақ, сертификатталмаған өнімдерді жеткізетіндерді анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызметі, өндіріс қауіпсіздігі, техникалық қадағалау және кедендік бақылау органдары қызметтерімен бірлесіп, 19-31 желтоқсан аралығында «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Аталған мерзім ішінде республика бойынша 3203 базарлар мен дүкендер, басқа да сауда орындары тексерілді. Пиротехникалық өнімді сату ережесін бұзғаны үшін 118 әкімшілік хаттама, заңсыз сатқаны (лицензиясыз жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны) үшін 18 хаттама толтырылды.

«Айналымнан үш тоннадан аса (20 мыңнан аса қорап) заңсыз пиротехникалық өнім, 187 фейерверлік контейнер алынды. Атап айтқанда, 22 желтоқсанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері «Лұқман» сауда үйінің қасында 26 жастағы жеке кәсіпкерден 4 қорап және 213 дана сертификатталмаған пиротехникалық өнімді анықтап, әкімшілік хаттама толтырды», - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар Талдықорған қаласында пиротехникалық өнімді тасымалдаудың ережесін бұзғаны үшін 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде 15 келі пиротехникалық өнім табылып, әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Соңғы жаңалықтар