Пиротехникалық заттарды заңсыз саудалаудың 15 әрекеті тіркелді

Осы шаралар барысында пиротехникалық заттарды заңсыз саудалаудың 15 әрекеті тіркелді. Аталмыш әрекеттер бойынша әкімшілік іс қозғалып материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбайдың мәліметтерінше, құзырлы органдар ойын-сауық орындарының барлығының басшыларымен өрт қауіпсіздігін сақтау мен пиротехникалық заттарды пайдалануға жол бермеу жөнінде арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бүгінде Астанада 5 заңды тұлға пиротехникалық заттарды саудалауға құқылы. Олар «Астана салют», «СТИК», «Белая ночь агенттігі», «Руский фейерверк бірлестігі KZ», «Қазақстан салют» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. «Қазіргі таңда мектепке дейінгі және оқу орындары мен ойын-сауық мекемелерінде өртке қарсы қауіпсіздік мәселесіне байланысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 64 орта мектеп, 27 колледж, 5 кәсіптік мектептер мен 38 мектепке дейінгі мекемелер, 410 ойын-сауық орындары тексерілді», деді басқарма бастығы.