Пиротехниканы пайдалану ережесін сақтаңыз
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД лицензиялық-рұқсат беру жүйесі қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге пиротехникалық заттар мен бұйымдарды заңсыз сату
және оларды қолданудың жолын кесу жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізді, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, Астана қаласы аумағында келесі заңды тұлғалардың ғана азаматтық пиротехникалар мен 1 және 2-санаттағы бұйымдарды сатуға рұқсаты бар. Олар: «Қазақстан Салют» ЖШС, «СТиК» ЖШС, «Астана Салют».
Полиция жүргізген рейдтер барысында заңсыз пиротехникалар мен оны қолданатын бұйымдарды сатудың 4 фактісі анықталды. Заңсыз саудадан 439 дана пиротехника құралы мен оны пайдаланатын бұйымдар алынды. ҚР Әкімшілік Кодексінің 162 бабы бойынша 3 әкімшілік қаулы толтырылып, сотқа жіберілді.
Барлық ойын-сауық мекемелерінің басшыларымен өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтап, заңсыз пиротехникаларды қолдануға жол бермеу жөнінде түсініктемелік жұмыстар жүргізілді.