Писсарроның суретi рекордтық бағаға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 ақпан күнi Лондонда атақты импрессионист Камиль Писсарроның 1897 жылы салынған әйгілі «Монмартр бульвары. Көктемгі таң» картинасы Сотбис (Sotheby's) аукционында рекордтық бағаға 24 млн. еуроға сатылып кеттi.

Писсарроның суретi рекордтық бағаға сатылды

Сауда барысында ұсынылған ақша оның бастапқы құнынан екi есе асып түстi.

Аталған картина суретшiнiң танымал туындыларының бiрi. Сонымен қатар, сатылым кезiнде Ван Гог пен Пабло Пикассоның суреттерi өз иелерiн тапты.