Pitbull мен Клаудиа Лейтте футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатында чемпионаттың ресми әнін орындайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық-кубалық рэпер Питбуль мен бразилиялық әнші Клаудия Лейтте футболдан Әлем чемпионатының Сан-Паулудағы турнирі ашылуында Бразилия мен Хорватия құрамалары матчының алдында чемпонаттың ресми әнін орындайды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясына (ФИФА) сілтеме жасап хабаралйды.

Pitbull мен Клаудиа Лейтте футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатында чемпионаттың ресми әнін орындайды

Турнирдің ресми әні Дженифер Лопестің қатысуымен жазылған We Are One композициясын орындауға. Питбуль мен Лейттеге жергілікті музыканттар көмектеседі.

«Бұл ән әлемге музыка әмбебап тіл екенін дәлелдеуі тиіс», - деп мәлімдеді Питбуль.

Матчтың ашылуы 12 маусымда «Арена Коринтианста» өтеді. 2014 жылғы Әлем чемпионатының музыкалық альбомы төрт әннен тұрады. Оның ішінде турнирдің ресми әнұраны да бар. Сондай-ақ пластинкаға американдық гитарист Карлос Сантананың, диджейлер Wyclef Jean және Avicii-дің, сондай-ақ бразилиялық әнші Алешандре Пирестің композициялары ұсынылған.