11:12, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
Пітірді СМС арқылы төлеуге болады
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - «Озық технологияның қолданысқа енуі барлық саладағы жұмыс жүйесін жеңілдеткені белгілі.

Бес парыздың бірі - зекетті беруге асыққан мұсылман жамағаты үшін үлкен мүмкіндік туды», - деп хабарлайды Muslim.kz.
Енді Кселл және Актив байланысына қосылған абоненттер де СМС арқылы Зекет төлей алады. Бүгінгі күнге дейін Билайн телефоны бар адамдар 2011 нөміріне бос СМС жолдау арқылы 200 теңге Зекет қорына садақа салу мүмкіндігі болса, енді Кселл және Актив абоненттері 2012 нөміріне «зекет» немесе «zeket» сөзін жазып 220 теңге жібере алады.
Сондай-ақ Зекет қорына ОСМП немесе Киви төлем терминалдары арқылы да қаржы құюға болады. Мұндай терминалдардың жұмыс жүйесі бәрімізге белгілі. Бұл - күнделікті ұялы телефондарымызға ақша салып жүрген, үлкен дүкендер мен сауда орталықтарында, жанармай құю бекеттерінде орналасқан құрылғы.