19:25, 08 Қараша 2011 | GMT +5
PlankionInvest компаниясы ЕТЖ тауар биржасының 0,5 % акциясын иеленді
АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық PlankionInvest компаниясы «ЕТЖ» тауар биржасының 0,5 % қарапайым акцияларын (8 593 акция) иеленді.
«Еуразия тауар жүйесі» тауар биржасы» АҚ таратқан хабарламаға қарағанда, бұл шара арқылы минориатарлық акцинерлер саны ұлғайып отыр. Бұған дейін мұндай дәрежеге «Тройка диалог Қазақстан» АҚ ие болған еді. Оның иелігінде де жай дауыс беруші акциялардың 0,5 пайызы (9051 акция) бар.
Жалпы «Еуразия тауар жүйесі» тауар биржасы» АҚ 2008 жылы құрылған болатын. Оның негізгі акционерлері «РТС қор биржасы» ААҚ мен «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы» АҚ. РТС қор биржасында 61,3 пайыз (1053809 акция), ал Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығында 37,7 пайыз (647217 акция) жай дауыс беруші акциялар бар.