Пласидо Домингоның қатысуымен қойылатын операға билет сату тоқтатылды
«Астанада Пласидо Домингоның жетекшілігімен халықаралық мәртебелі вокальдық конкурстардың бірі «Опералия» опера әншілері байқауының ақтық сыны өтеді. Құрметті маэстро Домингоның өзі Джузеппе Вердидің «Травиата» операсында өнер көрсететін болады. Альфред партиясын біздің талантты солистіміз Медет Шотабаев, ал Виолеттаены танымал опера әншісі Марина Ребекка орындайды. Айта кетерлігі, сұраныстың өте жоғары болуына байланысты біз билет сатуды уақытша тоқтаттық», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, билеттердің біразы ЭКСПО аясында өтетін түрлі форум қатысушыларына арнайы сақталынатын болады.
«Сол аралықта түрлі ірі саммиттер мен форумдардың өтетіндігін ескере келе билеттердің біраз бөлігін аталған форумға қатысушыларға жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта аталған мерзімде қосымша қойылым қою мәселесін Ла Скала театрымен және Пласидо Домингомен талқылаудамыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.