Пластик ыдыстағы су денсаулыққа қауіпті ? неміс ғалымдары

БЕРЛИН. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Пластик шөлмектегі суды ішу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Неміс ғалымдары осындай түйінге келіп отыр,

Пластик  ыдыстағы  су денсаулыққа қауіпті ? неміс ғалымдары
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Олардың мәліметтері бойынша, пластиктен суға әйелдердің эстроген гормоны сияқты химиялық зат сіңеді екен, ол зат адамның эндокриндік жүйесіне теріс әсер етуі ықтимал. Зерттеушілер пластик шөлмектен құйылған суға ұлу жәндіктерін салып, тәжірибе жүргізген. Сөйтсе, ұлулар әдеттегіден тез көбейе бастайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жайт - пластиктен суға сіңетін заттың жәндіктерге гормон секілді әсер ететінін көрсетсе керек.