Пластикалық бөтелкелердегі сусындардың сатылымы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жасыл желегімен екінші орында тұрған Сан-Франциско қаласы бірінші орынға шығуға талпыныс жасауда. Осы мақсатқа жету үшін қала билігі 600 мл және одан кішкене көлемдегі пластикалық бөтелкелердегі сусындарды сатуға тыйым салмақ.
Егер де заң жобасы қабылданған жағдайда күзге қарай қала көшелеріндегі қоғамдық шараларда және қоғамдық орындарда шағын пластикалық ыдыстағы сусындарды саудалауға шектеу енгізіледі, ал 2016 жылдан бастап осындай бөтелкелерге барша қала бойынша қоғамдық шаралар кезінде тыйым салынады.
Осы тектес шаралар бірден бірнеше проблемаларды шешуге ықпал етеді: мұнай өнімдері үнемделеді, зиянды қалдықтар көлемі төмендейді, қоқыс мәселесі біршама жеңілдейді.
Айта кетейік, 2013 жылы Массачусетстегі Конкорд қаласында пластикалық бөтелкелердегі сусындарды сату толықтай тыйым салынған болатын, деп жазады Росбалт.