20:39, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Плей-офф: екінші кезеңде «Барыс» пен «Трактор» тең түсті
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» клубы мен Челябі қаласының «Трактор» арасындағы ойынның екінші кезеңі бойынша екі команда тең келеді.

Ойынның екінші кезеңінде қарсыластар таразы басын теңестірді. Алайда Брэндон Баченски екінші шайбаны салып, «Барысты» қайтадан алға шығарды. Осы жолы да оған Филипп Савченко мен Константин Руденко көмектесті. «Трактор» болса, төрт минуттан кейін есепті 2:2-ге жеткізді. Әзірше екі команда тең келеді.