Пломбыланған ең көне тіс 100 жыл бойы итальяндық мұражайда елеусіз жатқан
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пломбыланған ежелгі тіс Италия мен Австралияның халықаралық зерттеу тобымен табылған болатын,
деп хабарлайды New Scientist. Бұл жұмыстың авторларының бірі Клаудио Туництің айтуынша, пломбылау іздері бар тіс тасқа айналған жақ сүйегінде анықталды. Оны археологтар 20 ғасырдың басында, қазіргі Словенияның аумағында тапқан еді.
24-30 жас аралығындағы ер адамның төменгі жақ сүйегі осы уақытқа дейін Триест қаласындағы итальяндық мұражайда жатқан. Радиокөміртекті мерзімді анықтау әдісі арқылы тасқа айналған сүйектің жасы шамамен 6,5 мың жылды құрап отыр.