Пневмония мен коронавирустан бір тәулікте 21 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 21 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пневмония мен  коронавирустан бір тәулікте 21 адам көз жұмды

21 қарашадағы мәліметке сәйкес коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 81977, 5125 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 72706 жетті.

Кешегі мәлімет бойынша, коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды.