Пневмониядан 5 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пневмониядан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пневмониядан 5 адам көз жұмды

23.06.2021ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 78 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56786, 978 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52049 жетті.