Пневмониядан бір тәулікте 263 адам емделді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 ақпанда Қазақстанда пневмонияның 68 жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оған қоса 263 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48226, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36946 жетті.