Пневмониямен ауырған қазақстандықтар саны азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 1 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Пневмониямен ауырған қазақстандықтар саны азайды

28 ақпан бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және өлім жағдайы тіркелмеді. Оған қоса 15 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурыз айынан бері ауырғандар - 88120, 5341 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 81703 жетті.

Еске салсақ, 27 ақпандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмония 38 адамнан анықталған еді.