Пневмониямен ауырғандар саны 52 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пневмониямен ауырғандар саны 52 мыңнан асты

24.04.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52459, 775 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51235 жетті.