Пневмониямен ауырғандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ - Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пневмониямен ауырғандарда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыда пневмония дертінен қаза болған жағдайға қатысты осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Расымен де, бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқандар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендердің ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылғандар да бар. Қазіргі уақытта 96 адам әртүрлі ауру белгілерімен ауруханада жатыр. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», - дейді Елжан Біртанов.


Соңғы жаңалықтар