«Победа зымыранының» іске қосылуы: Байқоңырға 2,5 мыңнан астам қонақ келеді

АСТАНА.KAZINFORM - Байқоңыр қаласындағы «Космонавт» қонақ үй кешенінде өткен мемлекеттік комиссия отырысында жерүсті инфрақұрылымы мен «Союз 2.1а» зымыран тасымалдағышының ұшуға дайындығы расталып, ХҒС-қа ұшатын экипаж бекітілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Победа зымыранының» іске қосылуы: Байқоңырға 2,5 мыңнан астам қонақ келеді
Фото: Роскосмос

Бұл негізгі экипаж мүшелері: кеме командирі, бортинженер және экспедиция командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Рыжиков, кеменің 1-бортинженері, экспедиция бортинженері, Роскосмос ғарышкері Алексей Зубрицкий және кеменің 2-бортинженері, NASA астронавты Джонатан Ким.

«Победа зымыранының» іске қосылуы: Байқоңырға 2,5 мыңнан астам қонақ келеді
Фото: Kazinform

Мемлекеттік комиссия төрағасы, Роскосмос басшысы Дмитрий Баканов ғарышкерлерді ұшыру алдындағы дайындық жұмыстарының сәтті аяқталуымен құттықтап, экипаж мүшелеріне сәттілік тіледі.

«Союз 2.1а» зымыран тасығышының «Союз МС-27» ғарыш кемесімен және Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті, 73-ші ұзақмерзімді экспедициямен ұшырылымы ертең, 8 сәуір күні Астана уақытымен сағат 10:47-де Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан жоспарланған.

Байқоңырдан алдағы ұшыру Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналады.

Роскосмос пен Қазғарыш өкілдерінің айтуынша, биылғы сәуірдегі ұшырылымға Байқоңырға көптеген қонақ, яғни 2,5 мыңнан астам адам келеді. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, әртістер, журналистер, депутаттар, блогерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ғарышкерлер мен ғарышкерлердің туыстары бар.

Айта кетелік «Байқоңырдан» зымыранның ұшырылу сәтін 11 мыңнан астам турист тамашалаған

Соңғы жаңалықтар