Подольск түбіндегі аса ірі жол апатына кінәлі жүргізушіге бүгін айып тағылады

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Подольск түбінде 18 адамның өмірін қиған жол апатына болжам бойынша кінәлі КамАЗ жүргізушісіне айып тағылуы ықтимал.

Подольск түбіндегі аса ірі жол апатына кінәлі жүргізушіге бүгін  айып тағылады

Бұл туралы «Жаңалықтар» РАА жазып отыр.

«Бүгін оған айып тағылады. Сонымен қатар ІІМММ жол апатын көрген, бірақ ІІБ келмегендерді мәскеулік полицияның бас тергеу басқармасына жүгінуді өтінеміз», - делінген хабарламада.

Жол апаты сенбі күні орын алған. Қиыршық тас артылған жүк көлігі 64 жолаушысы бар автобуспен соқтысқан. 18 адамның өлімі үшін жүк көлігінің жүргізушісі 7 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.