«Польфарма» мен «Астана Медицина университеті» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Ұлттық саясат. Денсаулық сақтауды әлеуметтік жаңғырту» сессиясының қорытындысы бойынша
None
None

«Польфарма» (POLPHARMA SA) компаниясы Қадағалаушы кеңесінің төрағасы, Польша Республикасындағы Қазақстанның Құрметті консулы Е.Старак пен «Астана Медицина университеті» АҚ ректоры М.Шайдаров Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Онда денсаулық сақтау саласында өзара ынтымақтастықты дамыту, фармацевтикалық өндірісте зертханалар мен өнеркәсіптік телімдерді ұйымдастыру және қызметін жүргізуде тәжірибе алмасу қарастырылған.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдағы мақсат медициналық және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға жағдай жасау.

Аталған жоба денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың нақты мысалы бола алады және ел азаматтарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар