Пол Маккартни Дэвид Бэкхемді құрамаға қоспаған ағылшын жаттықтырушыларын «есуас» деп атады
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Лондондағы ХХХ Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатында өнер көрсететін Пол Маккартни футболдан Англия құрамасының жаттықтырушыларын атақты футболшы Дэвид Бэкхемді құрамаға қоспағандары үшін «есуас» деп атады.
The Sun ақпараты бойынша, Stuart Pearce командасының жаттықтырушысы Бэкхемді олимпиадалық құрама қатарынан шығарып тастаған. «Ол - ұлт батыры. Футбол мен олимпиадалық құрамаға сіңірген еңбегі үшін Бэкхем құрамадағы бірінші ойыншы болуы керек еді, алайда қайдағы бір есуас басқаша шешім қабылдапты» , - деді Маккартни. Құраманың бас жаттықтырушысы Стюарт Пирс өз шешімін Бэкхем - Англия құрамасы үшін айтарлықтай жақсы ойыншы емес деп түсіндірген. «Жаттықтырушы шешіміне Пол Маккартнидің сөзі еш әсер етпейді. Тіпті Ұлыбритания ханшайымы мен өзге де Голливуд жұлдыздары Бэкхемді жақтап сөйлесе де, шешім өзгертілмейді», - деп мәлімдеді ағылшын құрамасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, құрамаға кірмегендігі жайлы жаңалық Бэкхемнің көңіл-күйін түсірген. LA Galaxy клубының жұлдызы Лондонның шығысындағы Стратфордта Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысатындығын мәлім етті, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.