Пол Маккартни Францияның жоғары наградасын иеленді

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пол Маккартни Францияның жоғары наградасы Құрметті легион орденін иеленді, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.

Пол Маккартни Францияның жоғары наградасын иеленді

Салтанатты шара Елисей сарайында өтті. Награданы ел президенті Франсуа Олланд табыстап,  Маккартнидің музыканың дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Құрметті легион орденін Наполеон Бонапарт бекіткен болатын. Оның үш дәрежесі бар және  өз саласындағы ерен еңбегі үшін беріледі. Марапатталғандардың қатарында Лайза Миннелли, Клинт Иствуд, Стивен Спилберг, сондай-ақ Владимир Спиваков, Иосиф Бродский және Мстислав Ростропович бар.