Пол Маккартни мен Мик Джаггер Лондонда Олимпиада-2012-де өнер көрсету үшін бәсекеге түсті

АСТАНА.. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Пол Маккартни мен Мик Джаггер британ астанасындағы Олимпиада-2012 салтанатын ашу құқын алу үшін бәсекеге түсуде, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

«Роллинг» пен «Макканы» музыка әлемінде қазіргі заманның көзі тірі екі «битлдері» деп тегіннен тегін атамайды. Олар жақында американ футболы бойынша АҚШ-та өткізілген Суперклуб чемпионатында 100 млн. адам жиналған халықаралық аудиторияның алдында өнер көрсетті.

Дегенмен Лондонда өткізілетін бүкіләлемдік спорт мерекесінің ашылуында тек олардың біреуі таңдалып, өнер көрсететін болады. Екеуі неге қатар ән орындамайды деген сауалдарға Ойынды ұйымдастырушылардың өкілі екеуінің тек біреуі ғана дегеннен артық мардымды жауап бере алмады, деп жазады «Дейли стар» газеті.

«Әрине, әлемдік атақ-даңқы бар Мик Джаггер мен Пол Маккартнидің мұндай жарқын спорт мерекесінде өнер көрсеткілері келуі біз үшін мәртебе. Алайда шешім тек біреуін таңдауға мүмкіндік беріп тұр», - деді Олимпиаданы ұйымдастырушылардың өкілі.

Соңғы жаңалықтар