Пол Маккартни Токио ауруханасына жатқызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі британдық рок-музыкант Пол Маккартни Токидағы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «USA Today» басылымына сілтеме жасай отырып «РИА Новости».
Маккартни ауыруы сыр бере бастаған соң Жапония мен Оңтүстік Кореядағы бірнеше концерттерін кейінге қалдырған. «USA Today» бірақ бұл ақпараттың әлі расталмағанын атап өтті.
Бұдан бұрын Маккартни сырқаттанып қалғандықтан өткен және осы аптаға белгіленген Жапониядағы төрт концертін, сонымен бірге 28 мамырда Сеулде өтетін концертін кейінге қалдырғанын хабарлаған болатынбыз. Келесі айда британдық музыкант АҚШ-та бірнеше шоу өткізуі тиіс болатын. Олардың кейінге қалдырғаны туралы хабарлама әзірге болған жоқ. Джеймс Пол Маккартни 1942 жылы 18 маусымда Ливерпульде дүниеге келді. 1960 жылдан 1970 жылға дейін аты аңызға айналған «The Beatles» тобының әншісі болды, одан кеткеннен кейін қазіргі уақытқа дейін жеке орындаушылықпен айналысып келеді. 1997 жылғы наурызда Маккартни музыканы дамытуға қосқан үлесі үшін серілік атағын алған. 2011 жылы «Rolling Stone» журналының сауалнамасына сәйкес Маккартни барлық уақыттың үздік бас-гитарашысының бірі болып танылды.