Польша бір жылға ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдады
ВАРШАВА. ТАСС-ҚазАқпарат – Польша Швециядан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалықты қабылдап алды. 1 қаңтардан бастап республика 57 ел мүше халықаралық ұйымның үйлестірушісі қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Польшаның премьер-министрі Матеуша Моравецкогоның айтуынша, республика билігі әлемнің осы бөлігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қолдан келгенін жасап, қауіп төнген жағдайда ЕО мен НАТО-ға жүгінетін болады.
Бұдан ертерек елдің сыртқы істер министрі Збигнев Рау ЕҚЫҰ аумағындағы жанжал мен дағдарыстарды шешу бойынша жоспарларымен бөліскен еді. Польша төрағалығының толық бағдарламасы қаңтар айында Венада ұсынылмақ.