Польша Елшісі Павел Чеплак Шығыс Қазақстанға ресми сапармен келді
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Польшаның Қазақстандағы Елшісі Павел Чеплак бүгін Шығыс Қазақстанға ресми сапармен келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үшкүндік сапарының аясында Елші Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі «Алтай» технопаркімен танысады, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Польша: Еуропа жүрегі» көрмесінің ашылуына қатысады, тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасайды, Шығыс Қазақстан облысының Халық Ассамблеясының мүшелерімен кездеседі және «Шығыс Қазақстанның поляктары: өткені мен бүгіні» кітабының таныстырылымына қатысады деп жоспарлануда.