Польша Иранға Парсы шығанағының ескі картасын сыйға тартты

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Польшаның ұлттық кітапханасы Иран Ислам Республикасына Парсы шығанағының көне картасын  сыйлады.

Польша Иранға  Парсы шығанағының ескі картасын сыйға тартты

  Бұл ақпаратты IRNA ақпарат агенттігі таратып отыр.

«Мәдениет саласындағы Варшава мен Теһранның арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында біз Иран Ислам Республикасына Парсы шығанағының ескі картасын сыйға тартамыз», - деп мәлім етті Польша ұлттық кітапханасының директоры Томаш Маковский Иран Мұрағат және ұлттық кітапхана ұйымының басшысы Исхак Салахимен кездесуі барысында.

Т.Маковскийдің атап өтуінше, Польшаның ұлттық кітапханасында қасиетті Құран кітабының ежелгі қолжазбасы мен ирандықтардың бірқатар дәстүрлі аспаптары бар.

Ал И.Салахидің сөзіне қарағанда, Иранның ұлттық кітапханасында Польшадан жеткізілген 875 кітап, 215 сурет және 236 құжат жинақталған.