Польша Качинъский ұшағының апаты туралы құпия мәліметтермен бөліседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Қорғаныс министрі Антони Мацеревич 2010 жылғы президент Лех Качиньский қаза тапқан апатқа қатысты мұрағат материалдарындағы құпияларды ашуға уәде берді.

Польша Качинъский ұшағының апаты туралы құпия мәліметтермен бөліседі

 Бұл туралы министр 15 қыркүйек күні әуе апатын тергеу бойынша комиссияның баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Оның айтуынша, сол оқиғалардың мән-жайын анықтау үшін құпия мәліметтерді ашу қажет.