Польша Қазақстанға гуманитарлық көмек жөнелтті
Гуманитарлық жүкте «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлері (ноутбуктер) қамтылған.
«Поляк елінің Қазақстан үшін жасаған шынайы достық ықыласы COVID-19 пандемиясымен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі болып табылады. 2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек жеткізілгені белгілі. Бұған қоса, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге келсе, Израиль, Оңтүстік Корея және Жапония дәрігерлері коронавируспен күресу бойынша қазақстандық әріптестерімен онлайн-режимде тәжірибе алмасты», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.