Польша президенті мінген трамвай рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Константынув-Лодзинский қаласында Польша президенті Бронислав Коморовский отырған трамвай абайсызда рельстен шығып кетіп, істен шықты, деп хабарлады жексенбіде польшалық Gazera Wyborcza.

Польша президенті мінген трамвай рельстен шығып кетті

Ретро-трамвай баяу жылдамдықпен келе жатқан, сондықтан да ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал Бронислав Коморовскийге болса, трамвайдағы сапарын аяқтап, президенттік лимузинге отыруға тура келді.