07:42, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Польшада 750 жылдық емен өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада шыққан өрт елдегі ең көне ағаш болып есептелетін, 750 жыл бойы өсіп келе жатқан еменге де зиянын тигізді, деп хабарлады Associated Press.

Алдын ала болжам бойынша ағашқа қасақана от қойған.
Шпротавадағы бас орманшының көмекшісі Ежи Вилановски (Jerzy Wilanowski) өрт сақшылары тілсіз жаумен 30 сағаттан астам арпалысқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол, еменнің қаншалықты зақымданғаны көктемде ғана белгілі болатынын жеткізді.
Ағашты король Болеслав Храбрыйдың құрметіне «Храбрый» («Chrobry») деп атаған. Ағаш діңінің көлемі 10 метрден асады, биіктігі 28 метрден артық. Жергілікті заңға сәйкес, көне еменді өртеген адам он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.