Польшада әуежай қызметкерлері жолаушылардың жол жүктерін тонап келген
АСТАНА.15 шілде. ҚазАқпарат - Варшавада Фредерик Шопен атындағы «Окенче» халықаралық әуежайында полицейлер жолаушылардың шабадандарынан жеке заттарын ұрлаған қызметкерлерді ұстады. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлады.
Фирма қызметкерлері жолаушылардың жүктерінен әсемдік бұйымдар, опа-далаптар, темекілер жымқырып отырған. Ұсталған бес қызметкердің төртеуі қылмыс үстінде қолға түскен, деп хабарлайды интернет - БАҚ.
Олардың бәріне топтасып ұрлық жасады деген айып тағылды. Қылмыстық іске осыған ұқсас тағы екі жағдай қосылды.