Польшада автокөлік бір топ жүргіншіні жаншып кетті: 22-сі жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның солтүстігінде автокөлік бір топ адамды жаншып кетті, салдарынан 22 адам жарақат алды.

Польшада автокөлік бір топ жүргіншіні жаншып кетті: 22-сі жарақат алды

Neue Zurcher Zeitung газетінің мәліметінше, оқиға жексенбіге қараған түнде Сопот курорт қаласында орын алған.

Автомобиль жаяу жүргіншілердің жолына шығып кетіп, жолындағы 22 адамды жайпап өткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпекке әрекеттенген, бірақ оны жақын жердегі клуб күзетшілері ұстап алыпты.

22 жапа шегушінің 3-еуі аяқтары сынып, ауыр зақым алған көрінеді. Алайда олардың өміріне қауіп жоқ.

Қолға түскен қылмыскерден мастықтың еш белгісі байқалмаған.