20:02, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Польшада беларустар мінген автобус апатқа ұшырады
ВАРШАВА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Беларустық жастар мінген автобус сейсенбіде Польшада апатқа ұшырап, он адам ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Жол-көлік оқиғасы Польшаның Мазовецк воеводствосындағы Вулька Бжузка елді мекені маңында орын алды. «Автобуста 14-25 жас аралығындағы 46 адам болған. Күрт бұрылыста көлік қарсы келе жатқан автомобильмен соқтығысқан. Соның салдарынан автобус жыраға түсіп, аударылған», - деді Мазовецк воеводствосының полиция өкілі.Оның сөзіне қарағанда, «тоғыз адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды». Басқа да зардап шегушілерге оқиға орнында дәрігерлік көмек көрсетілді. Құқық қорғау органының мәліметі бойынша, жүргізушінің екеуі де ішкілік ішпеген.