Польшада бес күн ішінде аяздың салдарынан 40-қа жуық адам үсіп өлді
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Польшада желтоқсанның алғашқы бес күнінде аяздың салдарынан 37 адам үсіп өлді, деп хабарлады РБК агенттігі.
Елдің Ұлттық құтқару орталығының ақпаратына қарағанда, қаза болғандардың көпшілігі үй-күйсіз жандар болған. Күн қатты салқындай бастағаннан бері барлығы 52 адам мерт болды. Әсіресе Литва мен Беларуспен шектесетін Подляское воеводствосында күн өте суық болды. Мұнда температура 27 градустан 32 градусқа дейін суытты. Аяздар мен қардың қалың түсуінен елде теміржол және автомобиль қатынасы зардап шекті. Бірқатар мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды.