Польшада көлікті мас күйінде жүргізгендер 15 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылады
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат. - Польша билігі мас жүргізушілерге қатысты санкцияларды күрт күшейтті,
деп хабарлады Deutsche Welle. Енді бірнеше рет көлікті мас күйінде жүргізгендер 15 жылға құқығынан айырылып, 24 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. «Заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізбей, біз айтарлық тез нәтижеге қол жеткізбейміз», - деп атап өтті Польшаның премьер-министрі Дональд Туск.
Сонымен бірге, 2015 жылдан бастап әр жүргізушінің көлігінде алкотестер болуы керек. Ол көлік иесіне қан құрамындағы алкоголь мөлшерінің қанша екенін анықтауға көмектеседі.
Мас жүргізушілерге қатысты сакцияларды күшейтуді Польша билігі 2014 жылы 1 қаңтарда болған қайғылы жағдайдан кейін қолға алды. Онда көлікті мас күйінде айдап келе жатқан жүргізуші жаяу жүргіншілер тобын басып кетті. Бес ересек адам мен бір бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі бала ауруханаға жеткізілді.