Польшада МиГ-29 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пасленк қаласының маңында Польша әскери-әуе күштерінің МиГ-29 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Польша Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Польшада МиГ-29 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

«6 шілде күні Пасленк қаласының шетінде (Варминьск-Мазурск воеводствосы) түнгі ұшу кезінде 22-ші тактикалық авиабазадан ұшқан МиГ-29 ұшағы апатқа ұшырады. Пилот Сакувко елді мекені аумағында (Мальборктен 18 км қашықтықта) катапульталанды. Жедел жәрдем дәрігері пилоттың қаза тапқанын растады», - делінген Польша Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қаза тапқан ұшқыш ұлттық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысқан. Мемлекеттік комиссия апат себептерін тексеріп жатыр.