Польшада мұсылман жолаушы намаз оқи бастаған кезде пойыз кілт тоқтатылды

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Краков-Варшава бағытында жүріп келе жатқан пойыз мұсылман жігіт намаз оқи бастаған кезде кілт тоқтатылды, деп хабарлады azan.kz.

Польшада мұсылман жолаушы намаз оқи бастаған кезде пойыз кілт тоқтатылды

Кейін белгілі болғандай, Марокко студентінің әрекеті қасында отырған 59 жастағы поляк әйелдің зәре-құтын қашырған. Ол оны лаңкес деп ойлаған көрінеді. Жігіттің Құранды алып шығып, оқи бастағанын көрген әйел жақын стансалардың бірінен атып шығып, дереу күйеуіне телефон соққан. Күйеуі полицияға хабар беріп, тәртіп сақшылары пойызды тоқтатуды бұйырған. Болған жағдайдың мән-жайы анықталып, жас жігіттен ешқандай жарылғыш зат табылмағасын, пойыз бірнеше минуттан кейін қайта орнынан қозғалды.