Польшада өткен бокс турнирінде қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасының қыздары Польшада өткен халықаралық турнирде өнер көрсетті.

Польшада өткен бокс турнирінде қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды

Қазақстан атынан Арайлым Бекділдә (Тараз қ., 75 кг) және жастар құрамасының мүшелері Меруерт Қонысбай (Алматы облысы, 51 кг), Аида Әбікеева ( Қарағанды, 60 кг), Аида Оңдаш ( Қызылорда, 81 кг), Мұқышбекова Алтын (Астана 81 келіден жоғары), деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Аида Оңдаш финалдық бәсекеде венгерлік спортшыны жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Меруерт Қонысбай екінші орын алса, Аида Әбікеева мен Арайлым Бекділдә қола медальға қол жеткізді.