14:52, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Польшада пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тауып, 25 адам жараланды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Польшадағы пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде, екі адам қаза тауып 25 адам жараланған, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Апат көпірдің маңындағы темір жол өткеліне пойыз келе жатқанда жүк көлігінің шығып қалуының салдарынан болды. Нәтижесінде пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кеткен.
Жаралылар жедел ауруханаға жеткізіліп, олардың арасында екеуі ауыр халде.
Пойыздың бағыт бойынша қайта жүруіне бірнеше күн керек.