Польшада Рим Папасының үш автокөлігі аукционда сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 27-37 шілде күндері Польшаға сапарлап келген Рим Папасы Франциск мінген үш Volkswagen Golf автокөлігі аукционда сатылды, деп хабарлады поляк телеарнасы.
Автокөліктердің жалпы құны 253 мың злота (шамамен 65 мың доллар) болды. Автокөліктердің бірі 85 мың, екіншісі - 84,2 мың, үшінші көлік - 83,7 мың злотаға сатылды.
Сатылымнан түскен ақша Ливандағы сириялық босқындарға мобильді клиника салуды, Польшадағы қарттар мен мүгедектер үйіне жабдық алуды жоспарлап жүрген Краков архиепархиясының қайырымдылық қорына беріледі.