10:27, 17 Қазан 2015 | GMT +5
Польшада тас жол салып жатқанда көне қорым табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Польшадағы шағын ауыл ғалымдардың назарын аудартты. Автожол салар алдындағы жоспарлы қазба жұмыстарында мұнда көне қорым табылды, деп хабарлады epochtimes.ru.

Қорым жақсы сақталған. Жерлеу ғұрпы қола дәуіріндегі рәсімге сәйкес келеді.
Кей молалар бай адамдардікі болған. Оларда қабірдің ішінде асыл заттар болған, безендірілген ыдыстар қойылған. Кей бейіттерде балалардың ойыншықтары болды. Сонымен қатар қару табылды.
Қазба жұмыстары күздің соңына дейін жалғасады. Археологтардан басқа оған ботаниктер, зоологтар мен антропологтар қатысады. Қазба жұмыстарының арқасында зерттеушілер б.з.д XII ғасырдан б.з.д IV ғасырға дейін болған Лужицкий мәдениеті жайында толығырақ ақпарат алуға үміттенеді.