Польшада украиндық автобус аударылды, зардап шеккендер бар
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Польша аумағында украиндық автобустың апатқа ұшырауы салдарынан бір жолаушы әйел қаза тауып, 10 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Олардың барлығы Ярослав және Пшеворск қалаларындағы ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы Польша телеарнасына сілтеме жасаған жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отыр, деп жазады Росбалт.
Атап өтіліп отырғандай, апат кеше кешқұрым Жешувск воеводствосында орын алды. Львовтан Словакияға бет алған автобуста 38 жолаушы болған. Олардың барлығы Украина азаматтары. Автобус жол жақтауына соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. Жолда қозғалыс бірнеше сағатқа шектелді, полицейлер аталмыш учаскеде айналма жол ұйымдастырды.
Полицейлердің айтуынша, автобус жүргізушісі мас болған. Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс жасап жатыр.