Польшада ұшақ апатынан бес адам қаза тауып, сегізі зардап шекті

ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Қайғылы жағдай аэроклуб аумағында жаңбыр жауып тұрғанда болған. Польшалық БАҚ мәліметінше, бұл соңғы 9 жылда көп адам мерт болған әуе апаты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Польшада ұшақ апатынан бес адам қаза тауып, сегізі зардап шекті

Польшада ел астанасынан солтүстікке қарай Хрцынно ауылында Варшава аэроклубының ұшақжайына шағын жолаушылар ұшағы құлап, бес адам қаза тауып, тағы 8-і, соның ішінде бір бала жарақат алды.

Бортта үш адам болған, біреуі тірі қалды. Құрбандар арасында – ұшақ ұшқышы бар.

Он шақты адам әуе апатына дейін жаңбырдан қашып, ұшақжайды паналаған еді.

Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, апат қолайсыз ауа райында қонайын деп жатқанда орын алды. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.