Польшада жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, зардап шеккендер бар
БРЮССЕЛЬ. 13 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Жұма күні Польшада «Варшава-Катовице» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті,
деп хабарлады әлемнің жетекші БАҚ-тары.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан жарақат алғандар саны 56 адамға жетті. Осыған дейін 30 адам туралы хабарланған еді. Сонымен бірге, белгілі болғандай, осыған дейін хабарланғандай, апат кезінде төрт емес, бір адам қаза тапты. Барлық зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді, үшеуінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.
Апат себептері анықталуда. Барлығы пойыз ішінде 280 жолаушы болған.