Польшадағы Әлем чемпионатының алғашқы алтынын қытайлық жеңіп алды

АЛМАТЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында 59 елдің 317 спортшысы қатысқан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні кеше әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақтағы медальдар топтамасы сарапқа салынды.
None
None

Онда ел намысын қорғаған Галина Момотова жұлқа көтеруде - 70, серпе көтеруде - 88 келіні бағындырып 115 келі салмақпен 13-орынды қанағат тұтты. Ал қытайлық Тянь Яюнь 199 келімен (115+84 кг) Әлем чемпионы, кореялық Лян Чхун Хва 186 келімен (81+105) күміс, мексикалық Каролина Валенсиа Эрнандес 158 келімен (70+88) қола жүлдегер атанды.

Бүгін әйелдер арасында 53 келідегі, ал ерлер арасында 56 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел үміті Маргарита Елисееваға және Арли Чонтей мен Тимур Хасаровқа артылып отыр. Ал ертең әйелдер арасындағы додада 58 кг, ерлер арасында 62 кг салмақтағы үздіктердің есімдері анықталатын болады. Бұл сайыста ұлттық құрама сапындағы Сәуле Сәдуақасоваға сенім артылмақ. Ал ерлер арасындағы бұл додаға қазақстандықтар қатыспайды. Арғы күні жүлдеге таласу үшін Карина Горичева (63 кг) мен Альберт Линдер ( 69 кг) жарыс жолына шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар