Польшадағы авиашоуда ұшақтың өзенге құлаған сәтінің видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық жаттығуға арналған Як-52 ұшағы 15 маусымда Польшаның Плоцк қаласындағы авиациялық шоу кезінде апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Polska Times.

Польшадағы авиашоуда ұшақтың өзенге құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Басылымның жазуынша, әуе кемесі жоғары пилотаж фигурасы - «штопорды» сәтті орындап, одан кейін акробатикалық трюктерге көшкен. Тап осы кезде Як-52 күрт төмен қарай құлдилаған. Штурвалда Германияның тәжірибелі ұшқышы болған. Бірақ ол ұшақты қайта жоғары бұрып кете алмады.