Польшаның 90 жастағы экс-президенті әйелімен ажыраспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның бұрынғы президенті Войцех Ярузельскийдің жұбайы өз күйеуін опасыздық жасады деп айыптауда.
«Жаңалықтар» Ресей ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 84 жастағы Барбара Ярузельская 53 жыл отасқан күйеуімен ажырасуға бел буды. "Мен қорғаушыммен 4 ай бұрын тиісті құжаттарды әзірлеп қойдым. Егер күйеуім сол әйелмен менің көзіме шөп салуын тоқтатпаса, сотқа некемізді бұзу туралы арыз жазамын", - дейді кейуана.